ru24.pro
World News
Март
2025

Наурыз көжеге арналған ингредиенттер қанша тұрады?

0

Наурыз мейрамының басты символы - наурыз көже. Ол - жаңару мен көктемнің оянуын бейнелейтін дәстүрлі мерекелік тағам. Биыл наурыз көженің құрамы қанша теңге тұратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады. Онда тағамға қосылатын негізгі өнімдердің бағасы көрсетілген.

1 литр айранның орташа бағасы - (2,5%) 446 теңге.
Бұл тағамда қолданылатын тағы бір маңызды өнім – сүт (2,5%), оның бағасы литріне орташа есеппен 413 теңгеге тең.
Арпа жармасының бір келісі - орташа есеппен 399 теңге, еліміз бойынша оның ең төменгі бағасы Көкшетау (283 теңге) қаласында тіркелген.
Күрішке келетін болсақ, оның орташа бағасы - келісіне 639 теңге, ең арзан баға Шымкентте тіркелген: 535 теңге.
Тағы бір маңызды ингредиенттің бірі – жылқы еті, оның бір келісі - шамамен 3098 теңге.Қазақстан бойынша тұздың орташа бағасы - 76 теңге/келісіне.
Сондай-ақ, тағамға құрт қосылады, аймаққа қарай тағы маш, өрік немесе кеспе қосылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!