Алматыда тағы 13 нысан сүрілді
Алматының Медеу ауданында 13 заңсыз дүңгіршек сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы 20-27 қаңтар аралығында 13 сауда нүктесінің иесіне нысандарды өз еркімен бұзу қажеттігі туралы хабарламалар жіберілді. Соның нәтижесінде олардың 9-ын өздері, ал қалған 4 нысан әкімдіктің араласуымен сүрілді.
"6 күрделі құрылыс нысанына қатысты әрі қарайғы шараларды қабылдау үшін мемлекеттік органдарға өтініш жіберілді", - делінген хабарламада.
4 ақпаннан бастап қала бойынша 300-ден астам СЕСН мен 222 ойын аппараты жойылды. 32 капиталды нысанға қатысты сотқа талап-арыз жолданғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!