ru24.pro
World News
Март
2025
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Жетісу“ футбол клубының директоры сотталды

0

"Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды.

"Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!