Қазақстанда 2025 жылы қандай жолдар жөнделеді?
2025 жылы 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жоба толық қаржыландырылған. Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқыланып жатыр.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
"Жезқазған – Қарағанды, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор жаңа жобалары, сондай-ақ, Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар. Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!