ru24.pro
World News
Март
2025
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жиналыс үстінде ұсталған: Шымкентте бұрынғы шенеунікке сот үкімі шықты

0
Шымкент әкімдігінде өткен жиналыс кезінде ұсталған экс-шенеунік 9 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қаланың тұрғын үй басқармасы басшысының бұрынғы міндетін атқарушыға қатысты соталды тергеу аяқталғанын хабарлаған.
Ол Шымкенттегі 216 тұрғын үйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

"2024 жылғы 27 тамызда ол 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сондай-ақ, өмір бойына қандай да бір мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылды", - деді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, былтыр ақпанда Шымкент әкімдігінде өткен жиналыс барысында Антикор қызметкерлері экс-шенеунікті ұстады.
Жиналыста сыбайлас жемқорлық тақырыбын талқылау барысында әкім Ғабит Сыздықбеков мұндай қызметкерлер әкімдікте де бар екенін айтып, бірнеше ай бойы бұл туралы ескерткенін мәлімдеді.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков (@gabit_syzdykbekov)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!