ru24.pro
World News
Февраль
2025

Астанада жанжал соңы атыспен аяқталды: бір адам қаза тапты

0

Астанада ер адам жанжал кезінде танысының басына оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Астананың "Артем" ауданы маңында "біреудің басын кесіп тастағаны" туралы видео тараған еді.

Полиция департаменті бұл оқиғаны растады және адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасындағы жанжал кезінде болған. Жанжал барысында күдікті марқұмның басына оқ атқан", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, қылмыс құралы тәркіленді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!