Үкімет суы тартылған Каспий табанын қазғызбақ. Салдары бола ма?
Қазақстан үкіметі Каспий теңізінің түбін тереңдетпек. Яғни қазғалы жатыр. Оған себеп - теңіз суы тартылып, жүк кемелерінің жүріп-тұруы қиындаған. Премьер-министрдің сенат депутаттарына жолдаған хатында бұл жұмыстың жалпы құны 42 миллиард теңге (шамамен 84 млн доллар).