ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28

Жастармен кездесу өтті

0

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Тараз сервис және технология колледжінде «Достығы жарасқан елміз» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Қазақстан халқының ынтымағы мен этносаралық татулығын одан әрі нығайтуды көздеген жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева және ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, жамбылдық жастар жетекшісі, ҚХА мүшесі Хамида Турдыева қатысты.
Жиын барысында қатысушылар Ассамблеяның атқаратын ауқымды жұмыстары, құрылымдардың қызметі туралы жастарға кеңінен әңгімелеп берді.
Кездесу аясында жастар татулықтың тірегіне айналған Ассамблея жайлы өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Элизат Қонысбай, «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің жетекші сарапшысы

Сообщение Жастармен кездесу өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.