Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 22, 23, 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері циклондар әсерінен жауын-шашын жауады.
"Батыста, солтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады. Жауын-шашынмен бірге ауа температурасы көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндіз төмен температура болжанады", - деп жазылған хабарламада.
Елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!