ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Салық кодексі жобасына түзетулер Парламент қарауына қабылданды

0

Салық кодексі жобасына түзетулер Парламент Мәжілісіне қабылданды. Ақпаратты Ұлттық экономика министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Салық кодексі жобасына түзетулер Мәжіліске 20 ақпанда енгізілді. "Мынадай түзетулер енгізілді:

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендету;
кейбір салалар үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлемені белгілей отырып, ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғайту", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 11 ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов Салық кодексіне түзетулер жобасын Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізуді тапсырған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!