ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда автобус жүргізушілері шу шығарды

0

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жалақы алмадық деп шу шығарды. Автобус паркінің 200-ден аса қызметкері айлық түспегеніне екі ай болғанын жеткізді. Олардың сөзінше, былтырдан бері зейнетақы және медициналық сақтандыру төлемі аударылмаған. Есесіне таңғы 4-тен түнгі 11-ге дейін жолаушы таситындарға қойылатын талап көбейген екен. Шыдамы таусылған жүргізушілер автопарк басшылығынан еңбекақысын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғамдық көлік жүргізушілерінің шыдамы әбден таусылған. Қаладан облысқа жолаушы таситындардың жалақыны ұмытқанына екі айдың жүзі болыпты. Олар осы уақыт аралығында қарызға белшесінен батқанын айтады.

"Сейсенбіде деді, түспеді, жұмада деді, түспеді. Екі ай. Кредит қысып жатыр. Отбасымызда мен ғана жұмыс істеймін. Бала-шаға маған қарап отыр", - деді автобус жүргізушісі Мадияр Әбділдаев.

Автобус паркі жүргізушілердің ай сайынғы зейнетақы және медициналық сақтандыру төлемін былтырдан бері жүргізбеген.

"Зейнетақы төлемі де жоқ. Маусым айынан бері жоқ. Медициналық сақтандыру да жоқ. Жігіттер ауырып қалса, емханада бізді қарамайды. Ақылы емханаға баруға ақша жоқ", - дейді автобус жүргізушісі Ерғали Жолдасбаев.

Маңдай тері ақысынан қағылуы осылайша жүргізушілердің ашуын туғызған. Сондықтан жалақысын даулап әкімдікке бармақ болыпты. Алайда автобус паркінің басшылығы оларды тоқтатып қойыпты. Яғни жалақы жақында төленеді деп екі айдан бері созбалаңға салған. Басшылық сөзінше, жылдың басында жалақының кешіктірілуі - қалыпты жағдай. Себебі әкімдіктен бөлінетін субсидияны күтеді екен. Ал былтырғы қаражат желтоқсанның жалақысына жетпей қалыпты.

"Қаулы қабылданып жатыр. Кейін әкімдік өз міндеттемесін орындап, субсидиясы төленетін болса, жүргізушілерге жалақысын төлеп береміз. Біздің паркте кредит мәселесі бар. Яғни кез келген автобустың алынуы, соның бәрі кредитте. Сондықтан біздің де жұмысқа кесірін тигізді, біздің кредит те төленбей жатыр", - дейді Neo City Trans автобус паркінің директоры Абылайхан Омархан.

Жүргізушілердің міндетті әлеуметтік төлемі де жақын арада аударылады деп сендірген. Алматы әкімдігіндегілер де автобус паркіне тиісті қаражат жіберілетінін мәлімдеді. Ал адал еңбегінің ақысынан қағылған кейбір жүргізушілер жұмыстан шығып, басқа табыс көзін іздеуге кірісіп кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!