Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті
Ақмола облысында 15 жастағы қызды мектеп автобусы қағып кетті. Салдарынан қыз көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 ақпанда Қараөткел ауылындағы IT-мектеп аумағында болған.
"Мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты. Аталған факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!