ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Астана әкімі тұрғындардың көзінше құрылыс салушы өкіліне қатаң ескерту жасады

0

Астанада Есіл ауданының тұрғындары қала әкіміне Onyx Comfort тұрғын үй кешенінің аяқталмаған құрылысына араласуын сұрап жүгінді. Бұл кешеннің пайдалануға берілуі 2022 жылға жоспарланған болатын. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек құқық қорғау органдарына бұл істі соңына дейін жеткізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкіммен кездесуде тұрғындар тұрғын үй кешенінің құрылысы 2020 жылы басталғанын, бірақ содан бері оның пайдалануға берілу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілгенін айтты.

"Үлескерлердің басым бөлігі пәтер ақшасын төлеп қойған. Бізді құрылыс нысанына кіргізбейді, тек сырттан ғана көре аламыз. Кейбір тұрғындар пәтеріне бір-ақ рет кірген, онда ескі терезелер орнатылғанын көрген", - деді Хансұлу Кенжебаева.

Кездесуге құрылыс компаниясының өкілі Ерболат Аубакиров та қатысты. Ол нысан 2025 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Бірақ бұл сөздер үлескерлердің наразылығын туғызды, себебі ол тұрғындардың ешқайсы тікелей өзіне шағымданбағанын айтты.
Құрылысшының жауабы Астана әкімін де қанағаттандырмады. Жеңіс Қасымбек жағдайға қатаң жауап беріп, қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.

"Мен сіздерге ескертемін. Бұрын да осындай сенімді жүргендер көп болды. Олар қазір қайда? Көптеген құрылыс нысандары мен сондай азаматтар қазір сотта немесе жазасын өтеп жатыр. Егер сіздер де адамдарды алдауды жалғастырсаңыздар, бұл іс солай аяқталады. Нысан сіздерден алынып, сіздер қылмыстық жауапкершілікке тартыласыздар.
Мұнда құқық қорғау органдарының барлық басшылары отыр. Мен бұл істі жеке бақылауыма аламын. Прокуратура мен полициядан бұл істі соңына дейін жеткізуді сұраймын. Олар құрылыс жұмыстарын аяқтай ма, аяқтамай ма – бірақ осыншама адамды алдағаны үшін бұл адамдарды, әсіресе осы тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек", - деді Жеңіс Қасымбек.

Әкім үлескердерді құрылыс компаниясын сотқа беруге шақырды. Мемлекет есебінен құрылысты аяқтау жоспарланбаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!