ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда автобус жолаушыларына тіл тигізген шетелдік әлі жазаланбаған

0

ІІМ былтыр күзде Алматыдағы автобустардың бірінде болған АҚШ азаматына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол кезде әлеуметтік желілерде қоғамдық көлікте ер адамның екі орынға отырып, қасына таңқурай салынған жәшікті қойып қойғаны көрсетілген видео тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ол жүкті әйелге орын беруден бас тартып, жолаушыларға дөрекі сөздер айтқан.

"Аш көзіңді, ақымақ. Аш ақымақ көзіңді. Семіз шошқа. Сен тым семізсің", – деп жолаушы ағылшын тілінде сөйлеген.

ІІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сұранысына жауап ретінде бұл оқиғаға қатысты тергеуді Алматы Полиция департаментінің Алмалы аудандық Полиция басқармасы жүргізгенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, сот-филологиялық сараптаманың нәтижелері алынған, алайда дөрекі сөздер айтқан шетел азаматы әлі ешқандай жазаға тартылған жоқ.

"Сараптама аяқталып, нәтижелері алынғанға дейін шетел азаматы елден шығып кеткендіктен, оны жауапкершілікке тарту мәселесі Қазақстанға қайта келгенге дейін кейінге шегерілді", – деп мәлімдеді полицияда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!