ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстанда ақпанның аяғынан бастап тағы екі тасжол учаскесі ақылы болады

0

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 22 ақпаннан бастап Қазақстандағы екі жол учаскесі ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 ақпанда қол қойған №39 және №40 бұйрықтарға сәйкес, Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) және Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) бағытындағы тасжол учаскелері жүк көліктері мен автобустар үшін ақылы болмақ.Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) тасжолы
Жаңа ақылы учаскенің ұзындығы – 163 шақырым, 539-шақырымнан 376-шақырымға дейін (М-36). Автомобилистер балама бағыт ретінде Қостанай – Рудный – Әйет – Ресей Федерациясының шекарасы және Ресей Федерациясы (Екатеринбург) – Алматы жолдарын пайдалана алады.
Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) тасжолы
Ақылы учаске 17-шақырымнан 99+692 шақырымға дейінгі бөлікті (82,7 шақырым) қамтиды. Бұл учаскені айналып өту үшін Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орск) бағыты бойынша жүруге болады.
Төлем автоматты режимде жүзеге асырылады – шлагбаумдар мен стационарлық бекеттер болмайды. Аркада орнатылған камералар көлік қозғалысын, жылдамдықты және қарқындылықты тіркейді.
Төлеудің 10-ға жуық әдісі қарастырылған: интернет-банкинг, терминалдар, электронды әмияндар, телефон балансы, жанармай карталары (E100), сондай-ақ заңды тұлғалар үшін келісімшарттар. Алдын ала төлем жасаған жағдайда жол жүру құны төмен болады.
Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) тасжолы бойынша төлем мөлшері:

16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 515 теңге (алдын ала төлем), 600 теңге (кейінгі төлем);32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1040 – 1220 теңге;32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1545 – 1820 теңге;10-15 тонна жүк көліктері: 2080 – 2440 теңге;15 тоннадан жоғары, тіркемелері бар жүк көліктері, седельді тартқыштар: 2580 – 3040 теңге.

Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) тасжолы бойынша төлем мөлшері:

16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1010 – 1190 теңге;32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 2055 – 2415 теңге;32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 3065 – 3610 теңге;10-15 тонна жүк көліктері: 4100 – 4825 теңге;15 тоннадан жоғары, тіркемелері бар жүк көліктері, седельді тартқыштар: 5120 – 6030 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!