ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Лифтідегі шабуыл: зардап шеккен бала қашан үйіне шығарылады

0

Астана әкімдігіне қарасты №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғманов 5 жасар баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұғмановтың айтуынша, балаға жасалған тігістердің жартысы алынған, қазіргі уақытта оны ауруханадан шығаруға дайындық жүргізіліп жатыр.

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағымы жоқ. Бүгін таңғышын ауыстырып, тігістердің жартысын алдық. Жаралары таза, қабыну белгілері байқалмайды. Ертең ауруханадан шығару жоспарланып отыр", – деді аурухана басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жасөспірім лифт ішінде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған еді. Оқиға сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Жарақат алған бала ауыр жағдайда №2 көпсалалы балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған болатын. Дәрігерлер оған ота жасап, қазіргі жағдайын тұрақты деп бағалады.
Кейін Астана Полиция департаменті күдіктінің ұсталған сәтінің видеосын жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!