Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер болды
Дәурен Ерғарин Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", -делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл қызметті атқарған Алексей Калайчиди Мемлекет басшысының өкімі бойынша лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Ербол Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Нұрдәулет Төлеев лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!