ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Тұман және 30 градус аяз: 11 ақпандағы ауа райы болжамы

0

Қазгидромет сейсенбі, 11 ақпанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АстанаАстанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -4...-6°C.

АлматыАлматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз 0...+2°C.

ШымкентШымкентте ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.

Ақмола облысыОблыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында аздаған қар, боран, ал батысы, оңтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-13°C, батысы мен оңтүстігінде -16...-21°C, күндіз -2...-7°C.

Алматы облысыЖауын-шашынсыз. Оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 м/с, күндіз шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, солтүстігі мен таулы аймақтарында -18...-23°C, күндіз -3...+2°C, солтүстігі мен таулы аймақтарында -6...-11°C.

Жетісу облысыЖауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, Алакөл көлдері маңында күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-18°C, оңтүстігінде -9°C, орталығы мен таулы аймақтарында -23°C, күндіз -0...-5°C, шығысы мен таулы аймақтарында -10°C, оңтүстігінде +3°C.

Түркістан облысыОблыстың батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде таулы аудандарда қатты қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с, түнде және таңертең солтүстігі мен таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -0...-5°C, солтүстігінде -10°C, күндіз -1...+4°C, солтүстігінде -5°C.

Батыс Қазақстан облысыЖауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, оңтүстігінде -7°C, күндіз -1...-6°C.

Атырау облысыЖауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-11°C, күндіз -4...+1°C.

Маңғыстау облысыКүндіз облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-7°C, солтүстік-шығысында -10°C, күндіз -3...+2°C.

Ақтөбе облысыЖауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-18°C, батысында -10°C, күндіз -3...-8°C.

Қостанай облысыЖауын-шашынсыз. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-14°C, шығысы мен оңтүстігінде -18°C, күндіз -2...-7°C, шығысында -10°C.

Солтүстік Қазақстан облысыКүндіз облыстың солтүстік-шығысында аздаған қар жауады, боран күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-13°C, оңтүстік-батысында -18°C, күндіз -2...-7°C, оңтүстік-батысында -10°C.

Павлодар облысыТүнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар, боран. Күндіз жолдарда көктайғақ. Оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батысы, солтүстігі және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-12°C, батысында -15°C, күндіз 0...-5°C.

Қарағанды облысыЖауын-шашынсыз. Күндіз облыстың шығысында жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-16°C, шығысында -23°C, күндіз -2...-7°C, батысында -10°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!