ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Кәрім Мәсімов ісі: Астанада 1,8 миллиард теңгеге бағаланған үй сатылымға шығарылды

0

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі үйге ұқсайтын үй сатылымға шығарылды. Бұған дейін комитет сәнді сарайдың суреттерін жариялаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лот E-Qazyna электрон сауда алаңы сайтында жарияланған. Төменгі қабаты бар тұрғын үй елорданың Нұра ауданында орналасқан. Екі қабатты үйдің жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр болады. Оның бастапқы бағасы 1 883 338 958 теңге деп белгіленген. Сонымен қатар, әлеуетті сатып алушы 117 960 теңге кепілдік жарнасын енгізуі қажет.

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Үйге әртүрлі көлемдегі бірнеше жер учаскесі тиесілі, олардың бірінде гараж орналасқан. Үй 879 дана мүлікпен бірге сатылады. Оның ішінде жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекей бұйымдар, коллекциялық монеталар, қару-жарақ макеттері.

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Мүлікті Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға шығарған. Сауда бағаны көтеру арқылы аукцион форматында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!