Алаяқтық фабрикасы: Қазақстанда заңсыз желі әшкере болды
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернет-алаяқтардың сыбайластарымен белсенді күрес жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскеменде үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Айта кетейік, Қарағандыда шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленген. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!