ru24.pro
World News
Январь
2025

Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылды: кәсіпорын тексеріледі

0

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін тауық етінен өлімге әкелетін листерия табылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 29 қаңтарда Россельхознадзор "Макинская птицефабрика" ЖШС өнімдеріне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілгенін хабарлаған.
Мұндай бақылау кезінде тауарлар ЕАЭО аумағында тасымалдана алады, бірақ әрбір партия міндетті тексеруден өтеді.

"Қазіргі уақытта комитет Россельхознадзордан зертханалық зерттеулердің растайтын нәтижелерін алған жоқ. ЕАЭО №94 ережесіне сәйкес, уәкілетті органдар анықталған заңбұзушылықтар туралы барлық мүдделі тараптарды 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайдың себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы кәсіпорында тексеру жүргізіп, өнім үлгілерін зертханалық талдауға алады", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Россельхознадзорда салқындатылған бройлер тауық етінің партиясынан сынама алу нәтижесінде қазақстандық өндіруші "Макинская птицефабрика" құсынан листерия анықталғаны хабарланған болатын. Ведомство өндірушіге қатысты күшейтілген зертханалық бақылауды енгізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!