ru24.pro
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Еуроодақтың уәкілі санкцияға енетін қазақстандық компаниялар туралы сұраққа жауап берді

0
Еуроодақтың санкция бойынша арнайы уәкілі Дэвид Салливан 30 қаңтарда Астанада журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясына енгізілген және енгізілетін қазақстандық компаниялар туралы айтты.


Ол Еурокомиссияның 16-санкция пакетін әзірге көрмегенін атап өтіп, оған енетін қазақстандық компаниялардан да хабарсыз екенін жеткізді. 


"[Санкцияны айналып өтуге көмектескен] Мұндай компанияларды анықтаған кезде олар міндетті түрде тізімге ілінеді. Бұл мемлекетке емес, дұрыс әрекет етпеген компанияларға қарсы шара. Іс жүзінде мемлекеттер осындай заңсыздықтар болмас үшін барлық амал-әрекет жасаған болуы мүмкін. Алайда бұл заңсыз әрекет еткен компаниялар пайда болмайды дегенге кепілдік бере алмайды. Мұндай компанияларды анықтаған кезде біз қандай да бір шара қолданудан тартынбаймыз. Үкіметпен бірге жұмыс істеу, мәселенің жүйелі шешімін тапқымыз келеді. Оның шешімін тапсақ, компанияларды тізімге енгізу қажеттігі азая береді" деді Дэвид Салливан. 


Оның сөзінше, бейсенбі күні таңертең Қазақстан үкіметінің өкілдерімен кездесу кезінде Қазақстан Батыс санкциясын айналып өту алаңы болмас үшін қандай амалдар қабылдануы қажеттігі мәселесі талқыланған. Ол бұл тенденция едәуір қысқарғанын айтып, Қазақстан үкіметімен "әріптестікті нығайта отырып, әрі қарай да амалдарын табамыз деген сенімдеміз" деді. 


(Ақпарат толықтырылады)