Астанада мәслихаттың жаңа төрағасы сайланды
Астанада VII шақырылым мәслихатының жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке "Астана су арнасы" мекемесінің бас директоры 50 жастағы Табиғат Зейнұлқабден тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Табиғат Зейнұлқабден 1974 жылдың 3 қазанында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жанатлек ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін "экономист-менеджер" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 жылы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. Сол жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "су ресурстары және су пайдалану" мамандығы бойынша аяқтаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!