ru24.pro
World News
Январь
2025

Тоқаев Үндістан премьер-министріне құттықтау жолдады

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!