ru24.pro
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Сеулдегі тәртіпсіздіктерден кейін полиция наразылық білдірушілерді ұстады

0

Полиция Сеулде сот ғимаратына басып кірген 45 наразылық білдірушіні ұстады. Олар президент Юн Сок Ёльдің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешімге қарсы шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін сот қоршауынан өтуге тырысқан 40 адам ұсталған болатын. Осылайша, жалпы саны 86 адам қамауға алынды. Оқиғаны тергеу және қатысушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін арнайы тергеу тобы құрылды.

"Құқық қорғау органдары заң бұзғандарға қатысты "қатаң" әрекет ететіндерін мәлімдеді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, қызметінен шеттетілген президентке қамауға алу ордері берілгеннен кейін, оның ашулы жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке кірген болатын. Олардың кейбірі ғимаратты қоршаған полиция қызметкерлеріне пластикалық орындықтар, қоқыс және басқа да заттар лақтырған. БАҚ мәліметінше, полиция президент жақтастарының митингілері өткен аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүздеген қызметкерді жұмылдырған.
Бұған дейін не болды?
Сот тыңдаулары өткен ғимарат маңына шамамен 44 мың адам жиналды. Олар президенттің атын атап, Оңтүстік Корея мен АҚШ туларын желбіретті. Кейбір наразылық білдірушілер жыласа, басқалары полициямен қақтығысты. Митингке қатысушылар құқық қорғау органдарының олардың әрекеттері қамауға әкелуі мүмкін деген бірнеше ескертулерін елемеді.
Бұған дейін Сеул соты Юн Сок Ёльдің қамауға алу мерзімін ұзартқан болатын. Ол 3 желтоқсанда елде әскери жағдай енгізіп, парламент депутаттарының бұл шешімді жою үшін дауыс беруіне кедергі жасау мақсатында әскер жібергені үшін бүлік және билікті асыра пайдалану айыптарымен қамауға алынған.
Оңтүстік Корея тарихында алғаш рет қызметтегі президентке қамауға алу ордері берілді.Конституциялық сот 27 желтоқсанда мемлекет басшысына импичмент жариялау ісін қарауды бастады, шешім іс сотқа түскен сәттен бастап 180 күн ішінде шығарылуы тиіс. Оған дейін Юн Сок Ёль қызметінен уақытша шеттетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!