Мәжілісте жаңа депутат ант қабылдады
Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асылбек Нұралин Мәжілістің жаңа депутаты атанды. Ол Қазақстан Халық партиясы фракциясы атынан өкілеттілігін тоқтатқан Гауһар Танашеваның орнына келді.
"Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды", - деп жазылған хабарламада.
Мәжіліс отырысы барысында Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.
"Мен, Асылбек Жамашұлы Нұралин, Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал атқаруға уәде беремін", – деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!