Чайлдфри, аборт, ажырасу және контрацепция. Ресейдегі отбасы жылы қалай өтті?
Ресей президенті Владимир Путин елдегі ұзаққа созылған демографиялық дағдарысқа байланысты 2024 жылды отбасы жылы деп жариялады. Жыл бойы аборт, ажырасу мен баласыз өмірді насихаттауға қарсы заңдар қабылданды.
