Түнде тыныштықты бұзғаны үшін қанша теңге айыппұл салынады?
Қазақстанда түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін айтарлықтай айыппұл қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. Жұмыс күндері сағат 22:00-ден кейін және демалыс күндері сағат 23:00-ден кейін шулауға тыйым салынады, бірақ бәрі бірдей бұл ережелерді сақтамайды. Мысалы, бір ғана Батыс Қазақстан облысында 2024 жылы тыныштықты бұзғаны үшін 3 074 адамға айыппұл салынған.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес адамдардың тыныштығына кедергі келтіретін кез келген шу құқықбұзушылық болып саналады", - деді полиция.
Тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар:
жеке тұлғаға 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге);шағын кәсіпкерлік иелеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге);орта кәсіпкерлерге 30 АЕК (2025 жылы 117 960 теңге);ірі кәсіпкерлік иелеріне 100 АЕК (2025 жылы 393 200 теңге).
Егер бұл бір жыл ішінде қайталанса, айыппұлдар көбейеді:
жеке тұлғалар, шағын және орта бизнес үшін екі есе.ірі бизнес үшін 150 АЕК-ге дейін (2025 жылы 589 800 теңге).