ru24.pro
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Антикор бұрынғы вице-министр Қожағапановтың ісі бойынша тергеуді аяқтады

0

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.

"Олар қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.
Биылғы 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!