ru24.pro
World News
Январь
2025
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен екі алматылық ұсталды

0

Алматыда екі ер адамнан 190 sim-карта және төрт sim-box тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Республиканың аумағында түрлі мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін интернет-алаяқтар sim-box құрылғыларын пайдаланған.
Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті. Олар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет–трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

"Жаңа жыл қарсаңында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Алматы ПД полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде sim-box құрылғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен 25 жастағы екі жігітті ұстады. Жедел уәкілдер пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және қазақстандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефон мен ноутбуктарды тәркіледі", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!