ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

БАҚ Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала себебін атады

0

Әзербайжандық жаңалықтар порталдары жолаушылар ұшағының құлауының алдын ала себебі туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olke.az мәліметіне сілтеме жасап.
Мәліметтерге сәйкес, апаттың себебі ұшақтың құс тобына соқтығысуынан екені жазылды.

"Embraer 190 ұшағы, Баку – Грозный бағытында ұшқан № J2-8243 Әзербайжан әуе жолдары компаниясының рейсі, Ақтаудан 3 шақырым жерде мәжбүрлі түрде қонды. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшақтың құста тобына соқтығысуы себеп болған", – делінген хабарламада.

Tengrinews.kz оқырмандары "Қазаэронавигация" РМК мәліметін жолдады. Бұл ақпараттың ресми емес және расталмағанын атап өту керек.

"11:10-да "Казаэронавигация" мәліметі келіп түсті: "Embraer 190" AHY8243 ұшағы, Баку – Грозный бағытымен ұшып келе жатып, құспен соқтығысу және басқаруды жоғалту салдарынан төтенше жағдай жариялап, Ақтау қаласына қонды. Оқиға орнына ТЖМ (11 адам және 3 техника) жіберілді. Қону уақыты – 11:02", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ тірі қалғандар бар екені туралы айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!