ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Қазақстанның су қоймаларындағы жағдай туралы айтылды

0

Биыл республикадағы су қоймаларында рекордтық көлемде су жиналды – 75 миллиард текше метрден астам, оның 12 миллиард текше метрден астамы – тасқын сулар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, тасқын суды дұрыс бөлу тек су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға ұшыраған өзендер мен көлдерге, лимандарға, табиғи жайылымдарға және басқа да нысандарға су бағыттауға мүмкіндік берген.

"Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 миллиард текше метр су құйылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 4 миллиард текше метрге көп. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 миллиард текше метр су өқйылды. Каспий теңізіне жыл басынан бері 17 миллиард текше метр су жетті", – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Су ресурстары министрлігі Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 10 жылда алғаш рет 100 пайыз толып, 18 миллиард текше метрден астам су жинағанын еске салды.
Сондай-ақ тасқын кезінде Батыс Қазақстан облысындағы Қамыс-Самар көлдеріне 80 миллион текше метр су жіберілгені атап өтілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 миллион текше метр су қайта бөлінген. Нәтижесінде бұл су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көл жүйелеріне бақылау тарихында алғаш рет жеткен.

"Елдің оңтүстігінде су дипломатиясы, суды нақты бөлу және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы су теңгерімін жақсарту мүмкін болды", – деді баспасөз қызметі.

Мысалы, биыл Солтүстік Арал теңізіне шамамен 2,5 миллиард текше метр су құйылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 400 миллион текше метрге көп. Су үнемдеу технологияларын қолдану Қызылорда облысының диқандарына 200 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік беріп, бұл су да Солтүстік Аралға бағытталды.
Жалпы, жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйелеріне 4,7 миллиард текше метрден астам су келіп құйылды. Салыстырмалы түрде былтыр бұл көрсеткіш шамамен 4,3 миллиард текше метр болған.
Айта кетейік, Қазақстан су қоймаларына 89 миллиард текше метр суға дейін сыйады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!