ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы әкімдігі билік сыншыларын анықтау үшін мыңдаған доллар жұмсайды: мұндай зерттеу не үшін керек?

0
Алматы әкімдігінің билікті сынайтындарды анықтау үшін бюджет қаражатын жұмсап, арнайы зерттеу жүргізетіні анықталды. Жыл басында қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік сатып алу арқылы интернет кеңістігіне бақылау жүргізу қызметіне тапсырыс берген: әкімдік ақпарат құралдары мен блогерлер қала билігі мен қала басшысы Ерболат Досаевтың жұмысын қалай бағалағысы келгенін білгісі келген. Бұл жөнінде "Настоящее время" арнасы жазды.


Тендерді "Alem Research" компаниясы жеңіп алған. Ол 10 мың доллар қаражатқа әлеуметтік желіде Алматы әкімінің аты аталған жазбаларды қадағалаған.


Компания әкімдікті сынағандардың аты-жөнін де анықтаған.


Зерттеушілердің мәліметінше, жергілікті билікке қатысты көп пікір және материал шілдеде тіркелген: ол кезде Алматы әкімінің аты 12 мың рет аталған, 10 мыңнан астамы сыни пікір болған. Сыни пікірлер Airan, "Гиперборей", Jurttyn Balasy, Ulysmedia және Азаттықта айтылған. 


Сыни пікір айтқандардың арасында сонымен бірге Жанболат Мамай, "Бәсе" арнасы, "За нами уже выехали", Обожаю, Уақыт көрсетеді, "Бюро по легкому человеку", белсенділер Абай Ерекенов, Абзал Достияр және өзге азаматтардың аты-жөні бар. 


Осы аптада Азаттықтың Қазақ қызметі тілшісінің сұрағына жауап берген қала әкімі Ерболат Досаев мұндай зерттеулер "мемлекеттік органдар жұмысының кемшіліктерін анықтау үшін" қажет деп, бұл "әлем елдерінде қолданылатын практика" деді. 


Ал теріс пікір айтқандардың аты-жөнін анықтау не үшін керек болды деген сұраққа қала әкімі "көңілі толмайтындардың әлеуметтік статусын анықтау үшін" қажет деп жауап берген.


"Әлеуметтік топтар да біз үшін маңызды. Жастарды, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды, қарттарды толғандыратын мәселелер. Кез келген әлеуметтік сауалнамада топтар ажыратылады. Соларға қарап, біз қорытынды жасаймыз, қандай мәселелерін барын анықтаймыз" деді қала әкімі. 


2024 жылы Алматы әкімдігі БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу бойынша тағы бір тендер өткізген. Оның құны шамамен $500 мың долларды құрайды. 


Тапсырысты алғандарға жоғарыда аталған мақсатқа ұқсас тапсырма берілген – жергілікті биліктің жұмысын бағалаған жазбаларды анықтау, арасында әкімдіктің жұмысын сынаған апталық дайджест те бар. 


"Либерти" құқық қорғау қорының жетекшісі Ғалым Ағелеуов Алматы әкімдігі "өз жұмысын жақсарту үшін емес, өзін сынағандарды қудалау үшін сыншылардың аты-жөнін білгісі келеді" деп санайды. БАҚ өкілдерін осылайша "сенімді" және "баспасөз жиынына қатыстыруға болмайды", олардың тізімін "бақыласын" деп күштік құрылым өкілдеріне беруге болады деп "бөліп, дискриминация жасау" "билікке ыңғайлы болуы мүмкін". 


Ерболат Досаев Қанды Қаңтардан кейін Алматы әкімі болып тағайындалған. Оған дейін Ұлттық банкті басқарған, бұрын үкіметте – экономика министрі, вице-премьер болған.