ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" 19-21 желтоқсан аралығындағы Алматы мен Астанадағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

19 желтоқсан: Астанада ауыспалы бұлтты, түнде қар жауады, бұрқасын, күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз шамамен 0°C.

20 желтоқсан: Ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -5...-7°C.

21 желтоқсан: Ауыспалы бұлтты, кей уақыттарда қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -9...-11°C.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

19 желтоқсан: Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз +2...+4°C.

20 желтоқсан: Ауыспалы бұлтты, қар жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз -0...-2°C.

21 желтоқсан: Ауыспалы бұлтты, түнде қар жауады, тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -5...-7°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!