ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

TAS Group – еліміздің ең қазақи компаниясы

0

TAS Group – Қазақстандағы ең танымал әрі ірі қаржылық компаниялардың бірі, өз саласында үлкен жетістіктерге жетіп, бизнес әлемінде айтарлықтай орын алған. Оның басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола білуі. Қазіргі таңда TAS Group тек қазақстандық нарықта ғана емес, халықаралық аренада да танымалдыққа ие. Алайда, осы компанияның басты ерекшелігі – оның негізінде жатқан қазақы рух пен ұлттық болмысында.

«Біздің компания қаржы саласында қызмет етеді. Шағын және орта бизнестің өкілдеріне қысқа мерзімді қаржыландыру ұсынамыз. Сонымен қатар, біз қазақша сөйлейтін алғашқы қаржы компаниясы болуға ұмтыламыз. Әрбір қазақ өз тілі мен мәдениетін мақтан етуі тиіс. Егер біз өзіміз ана тілімізде әдемі сөйлеп, жоғары мәдениетімізбен үлгі болсақ, жастарымыз да соған еліктейді», — дейді компания басшысы Дулат Тастекей.

Дулат Тастекейді көпшілік тіл жанашыры ретінде таниды. Ол өзі басқарып отырған компаниялар тобындағы іс-қағаздарды қазақшалап, қызметкерлеріне қазақ тілі курсын ұйымдастырып, өз ісімен және ұстанымымен үлгі болған кәсіпкер. Себебі мекемедегі басты талабы – қазақ тілін білу.

«Біздің байланыс орталығымызға қоңырау шалатындардың 60% қазақ тілінде қызмет алуды қалайды. Қазақ тілі бизнес тіліне айналуы үшін тұтынушылар өз тілінде қызмет көрсетуді талап етуі тиіс. Егер клиенттер қазақ тілінде сөйлесуді талап етсе, бизнес те соған бейімделеді», — дейді Дулат Тастекей..

TAS Group қызметінде қазақ тілін кеңінен қолдануды және оның дамуына үлес қосуды басты мақсаттарының бірі ретінде көреді. Қазақ тілін тек құжаттамада емес, қызметкерлермен сөйлесуде, маркетингтік стратегияларда да жиі пайдаланады. Компанияның интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілеріндегі жазбаларының барлығы бірінші қазақ тілінде жарияланады, бұл тек тілдің мәртебесін арттырып қана қоймай, қоғамның ұлттық санасын дамытуға да ықпал етеді.

«Бізде бүгінгі таңда әртүрлі ұлт өкілдері бар: орыс, кәріс, ұйғыр, өзбек ұлтының өкілдері, одан басқа аз ұлттардың қанша барын білмеймін, бұлар қазақстандағы кеңсемізде, ал, біздің бизнесіміз Ресейде және Өзбекстанда да бар. Ол жақта сол елдердің негізгі халқы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ онда біздің қазақтар да қызмет етіп жүр. Бізде осындай жағдай. Яғни компаниядағы қызметкерлердің 90% астамы қазақтар. Мұнда мәселе ұлтқа бөлінгендік емес, бізде қызметкерлерге қойылатын талаптардың бірі қазақ тілін жетік білу. Соған да байланысты шығар, біздің білікті қызметкерлердің негізі қазақ ұлтының азаматтарынан құралған», — деп қосты Дулат Тастекей.

TAS Group компаниясы әрқашан қазақтың ұлттық дәстүрлеріне, мәдениеті мен болмысын құрметтейді. Бұл компанияның логотипі мен корпоративтік мәдениетінде көрініс табады. Қазіргі таңда әлемдік бизнес кеңістігінде ұлттық нақыштар мен этникалық элементтерді сақтап қалу оңай емес, алайда TAS Group бұл аспектілерді өз бизнесінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Құндылықтар мен салт-дәстүрлер компанияның корпоративтік стратегиясына, жұмыс тәртібіне және қызметкерлермен қарым-қатынасқа әсер етеді.

TAS Group тек өзі үшін жұмыс істеп қана қоймай, қазақстандық кәсіпкерлер мен жұмысшыларды қолдауға да бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Компания түрлі әлеуметтік және білім беру бағдарламаларын қолдайды, жастарға кәсіпкерлік дағдыларын үйретіп, оларға тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Осылайша, TAS Group ел экономикасына қосатын үлесін арттырып, өз тарапынан жастарды тәрбиелеу мен қолдау жүйесін қалыптастыруда.

 «Assyltas» қоғамдық қоры TAS Group қаржы компаниялар тобының әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асыратын қор. Жылдық пайдамыздың бір бөлігін қоғам мен мәдениеттің дамуына жұмсаймыз. «Инновацияға ден қойып, қазақ тілін қалың бұқараның іскерлік орта тіліне айналдыру. Қайырымдылық жасау. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ұлттық мүдде жолында қызмет ету» — «Assyltas» қоғамдық қорының миссиясы, яғни өмір сүру мәні. Бұл айналып келгенде TAS Group компаниясының да болмысын көрсетеді. TAS Group компаниясының негізгі миссиясы қаржы нарығындағы жұмысы болатын болса, жалпы топтың миссиясы осыған келіп саяды», — деп атап өтті Дулат Тастекей.

Ұлттық құндылықтарды насихаттауды белсене қолдап жүрген Дулат Тастекей бүгінде тек кәсіпкер емес, сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының депутаты, әрі меценат.

«Мен Алматы қалалық мәслихат депутаты болып сайланған соң, сол мәслихаттың болатын іс-шараларында, жиындарында өз тарапымнан барлық дүниенің мемлекеттік тілде болуына депутат ретінде талап қойып, бір-екі отырыстарда өзімнің позициямды білдірдім. Себебі біз басқа ұлттарды қолымыздан келгенше сыйлауға тырысамыз, бірақ солай екен деп әрдайым солардың ығына жығыла беретін болсақ, онымыз болмас. Біз бірінші кезекте өзіміздің ана тілімізге құрмет көрсетейік, содан кейін қонақтарды сыйлайық. Алдымен өзімізге құрмет көрсетпей, қашанда өзгенің ығына жығыла беретін болсақ, онда біздің тілімізге деген сұраныс, қажеттілік болмайды. Қажеттілік пен сұраныс болмаса оған деген қызығушылық мүлде болмайды.», — дейді Дулат Тастекей.

TAS Group тек қазақи құндылықтарды ғана емес, экономикалық және қаржылық тұрғыдан да тұрақты әрі инновациялық көзқарасты алға тартады. Компания жаңа технологиялар мен бизнес үлгілерін енгізу арқылы Қазақстан экономикасын жаңа деңгейге көтеруге тырысады. Сонымен қатар, сыртқы нарықтарға шығу арқылы отандық өнімдер мен қызметтерді халықаралық аренада танытуға да мән береді.

«Технологиялық жағынан бір орында тұру – озық компаниялардың артында қалумен тең. Технологиясын күн сайын жаңартатын компания ретінде жұмысымызды тоқтатпаймыз. Клиенттеріміздің өмірін жеңілдету үшін онлайн технологияларды әрі қарай дамыта түсеміз. Біздің басқа компаниялардан бәсекелестік артықшылығымыз – бизнесті масштабтандыруды басқаратын өзіміздің ақпараттық жүйеміз бар. Қазірдің өзінде 70-тен астам IT қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысы компаниядағы қалған 250-ден астам адамның жалақысының қосындысынан артық. Бұл мамандардың қызметі елімізде ғана емес, әлемде жоғары бағаланатыны мәлім. IT технологияны қолдау басқалар үшін инвестиция болса, TAS Group үшін – тұрақты белгіленген шығын. Бізде fintech компанияның барлық элементтері қарастырылған.

Осы күнге дейін АҚШ, Австралия және одан басқа 40-тан астам мемлекетті аралап келдім, алайда ол жақта тамсандыратын қаржы сервисін көрмедім. Біздің компаниялардың жасап жүрген дүниелерін әлемнің ешбір мемлекетінде қайталай алған жоқ. Біз қаржы саласындағы озық технологияларды қосуда көшбасшымыз деуге болады. Мысалы, отандық банктердің бірі IPO-ға шықты, тағы бірнеше қазақстандық компания сондай сәтті IPO жасаса, алда еліміз fintech компаниялар шоғырланған орталық ретінде танылуы мүмкін. Сондықтан, біз қорықпай батыл қадам жасай береміз», — деп толықтырды Дулат Тастекей.

TAS Group әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне үлкен мән береді. Компания экология мен қоғам алдындағы міндеттерін орындауға тырысады. Қазіргі таңда қоршаған ортаға деген көзқарас өзгеріп, экологиялық тазалық пен тұрақтылық басты назарға алынуда. Компания жаңа технологияларды қолданып, жұмыс процестерін минималды экологиялық әсермен ұйымдастыруды көздейді.

«Сондай-ақ, біз ESG (қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау) мәдениетін дамытудамыз. ESG – бұл кез-келген компанияның дамуына және қоғамдағы орнына деген көзқарасының айқын көрсеткіші. Өз клиенттерімізге ғана емес, сонымен қатар елімізге және планетамызға ерекше ілтипатпен қараймыз. Біз болашаққа сене отырып, ESG қағидаттарын бүгінгі тәжірибеге енгізуге тырысамыз, сол арқылы қазіргі және кейінгі ұрпақтың дамуына үлес қоспақпыз».

TAS Group компаниясының ерекшелігі – оның ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи бизнес талаптарына сәйкес келуі. Бұл компанияның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлері мен мәдениетін әлемге таныту, әлеуметтік жауапкершілікке ие болу және еліміздің экономикасына өз үлесін қосу. TAS Group қазіргі таңда еліміздегі ең қазақи компания ретінде ұлттық бизнес мәдениетін қалыптастырып, алдағы уақытта да осы жолда табысты боларына күмән жоқ.

Сообщение TAS Group – еліміздің ең қазақи компаниясы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.