ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Әкім Бағдат Қарасаевтың ұсталуы: қоқыс полигонының тағдыры қалай шешіледі?

0

Алматы облысы Іле ауданындағы қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының болашағы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зауыт полигонда пайда болуы керек еді, бұл үшін Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әкім Бағдат Қарасаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл күзінде ұстаған болатын. Прокуратураның мәліметінше, әкімнің қамауға алынуы Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеру нәтижесінде болған. Антикордың айтуынша, ол "қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚҚ) полигонын сенімгерлік басқару құқығын өзімен үлестес компанияға беру арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды" деген күдікке ілінген.
Оның үстіне, әкім қамауға алынар алдында, 2024 жылғы 25 шілдеде Іле ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында болашақ зауыттың іргетасы қаланды.
Алматы облысының әкімдігі Tengrinews.kz редакцияcының сауалына берген жауабында полигонды басқаруды осы ADC Taza Alem ЖСШ басқаратынын, қазір қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтты.

"Нысанның құрылысы жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана басталуы мүмкін. 11.02.2020 жылғы №146999 электрон сауда хаттамасына сәйкес, полигон ADC Taza Alem ЖШС-не сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ауданы - 34,3 гектар. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына күніне 100 тоннадан астам қоқыс түседі.
Айта кетейік, 60 жастағы Бағдат Қарасаев 2018 жылғы наурыздан бері Алматы облысы Іле ауданының әкімі болып жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!