ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0

Қазгидромет Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 17-19 желтоқсан аралығында ауа райы болжамы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

17 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 12-14 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

18 желтоқсан: көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстіктен екпіні 9-14 м/с жел соғады. Түнде температура 10-12 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз.

19 желтоқсан: көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде температура 6-8 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

17 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кейде тұман. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 14-16 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

18 желтоқсан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.

19 желтоқсан: көшпел бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Түнде температура 7-9 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Еске салайық, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған кейбір жолдар ашылғаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!