ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды

0

Жаяу жүргіншілер өткелінде екі қызды қағып кеткен жүргізушіге үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстың сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Toyota Camry жүргізушісі биыл қыркүйекте Автодром ауданындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 2008 және 2022 жылы туған екі қызды қағып кетті. Екеуі де Облыстық балалар ауруханасының реанимациясында жүрек тоқтауынан қайтыс болды.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады және бас бостандығынан айырмауды сұрады. Жәбірленуші тарап қатаң жаза мен моральдық зиянды өтеуді сұрады.

Прокурор айыпталушыны жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын талап етті.

Жаза тағайындау кезінде судья айыпталушының ісіне өкінетінін, соттылықтың жоқтығын, сондай-ақ жүргізушіде жас балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде есепке алды.

Нәтижесінде ер адам ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды (автокөлікті басқаратын адамның жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған). Оған жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сот жәбірленушілердің азаматтық талабын қанағаттандырып, жүргізушіден әрқайсысына 10 000 000 теңге моральдық зиянды өтеу ретінде, материалдық залалды өндіріп алу есебінен - 1 867 375 теңге өндіріп алды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Жүргізуші апелляция берген жоқ.

Еске салайық, 13 қыркүйекте Автодром ауданында екі бала жол апатынан зардап шекті.

Кейін Маңғыстау облысының полиция департаментінде қылмыстық іс тіркелді.

Зардап шеккендердің бірі 21 қыркүйекте жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Бір аптадан кейін екінші қыз қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!