ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шерзат Болаттың отбасына өртенген үйдің орнына неге жаңа үй берілмеді? Әкімнің жауабы

0

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтен Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың (Полаттың) отбасына үйі өртенгеннен кейін неге жаңа үй берілмегенін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, отбасына бірден көмек ұсынылған.

"Үйге келсек. Біз өз көмегімізді ұсындық. Үй салуға көмектескісі келетін дайын тұрған қайырымды адамдар бар. Үй иелерінің келісімі қажет. Сондай-ақ, қыс мезгіліне арналған жоспарлау құжаттарын келісуді ұсындық. Баспана ұсыну мәселесіне келсек, біз (Шерзат Болаттың отбасына - еск.) ұсындық, бірақ олар сол ауылда ата-анасының үйінде тұруды жөн көрді", – деп атап өтті Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, Қаржаубай Нұрымовтың отбасында қайғылы оқиғалар легі 4 қазанға қараған түні басталған. Сол түні оның көз алдында бір топ жігіт 16 жастағы ұлы Шерзат Болатты аяусыз өлтірген.
Қылмысқа күдікті ретінде 11 адам ұсталып, қамауға алынды. Шерзат Болаттың өлімі бойынша тергеуді Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов бақылауға алды. Талғарға ІІМ-нің арнайы тобы жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!