“Жайлы мектеп“: Түркістан облысында 29 білім ұясы салынып жатыр
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған 3 білім ұясының құрылысы толық аяқталып, жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Өңірде дәл осындай 29 мектеп соғылып жатыр. Онда 20 мыңнан астам оқушы білім алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ошақтары Президент бастамасымен салынып жатыр. Барлық жауапты басшының басын қосқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысын пысықтап, жұмысты ширатуды тапсырды.
"Басты назар - сапада. Жұмысты жеделдетіп, дер кезінде тапсыру керек. Ашылуға дайын мектептердің инфрақұрылым желісіне қосылуын жіті қадағалаған жөн. Ерекше жобаның құрылысы қатаң бақылауда тұр", - деді облыс әкімі.
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Жиналыста ауыл мен қалада бірыңғай жобамен салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы туралы "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев баяндады. Оның мәліметінше, жыл соңына дейін кестеге сәйкес жоспарланған мектептер толық тапсырылады.
Сондай-ақ мердігерлердің пікірі тыңдалып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Жаңа мектептердің инфрақұрылымы бойынша әр мердігерден жеке-жеке есеп алынды. Қазіргі таңда өңірде ұлттық жоба бойынша салынған бір мектеп тапсырылды.
"Жайлы мектеп" дегеніміз не?
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба бүкіл ел бойынша орта білім беру ұйымдарындағы апатты объектілерді, үш ауысымдық оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.
Осы мақсатқа екі негізгі міндетті шешу арқылы қол жеткізу көзделеді:
2026 жылға дейін ағымдағы және болжамды оқушы орындарының тапшылығын жабу үшін қалалар мен ауылдық елді мекендерде кемінде 740 мың (екі ауысымды оқыту кезінде) жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру;
Ұлттық жоба шеңберінде енгізілетін орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.
Үкімет қаулысына сәйкес "Samruk-Kazyna Construction" АҚ ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция ретінде айқындалған.
Қаулыда ұлттық жоба бойынша орта білім беру ұйымдарының объектілерін жобалауды үйлестіруші жүзеге асырады деп көзделген - "Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру дирекциясы жалпы орта білім беретін мектептерді жобалауға арналған тапсырмаларға сәйкес 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000, 2 500 Өнеркәсіп министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті әзірлеген білім алушылар Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының құрылысын салу. Орта білім беру ұйымдарының жаңа объектілерінің нысаналы құрылысы тапсырыс берушінің функциялары берілген дирекция арқылы жүзеге асырылады.