ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Bloomberg: Ресей өкілдері Асадқа дереу қашу керектігін ұсынып, елден кетуіне көмектескен

0
Ресей өкілдері Башар Асадқа "қарулы оппозиция топтарына қарсы шығуға үкімет әскерінің шамасы жетпейді" деп, оған Сириядан тезірек қашуды ұсынған. Бұл жөнінде дереккөздерге (арасында Кремльге жақын дереккөздер де бар) сүйенген Bloomberg жазды. 


Мақала авторының жазуынша, Асад Сириядан дереу кетуге келіскеннен кейін оны елден алып шығумен Ресейдің арнайы қызметі айналысқан. Оқиға 8 желтоқсанға қараған түні болған. Ол кезде қарулы оппозиция Дамаскіні басып алған еді. Сол күні кешке жақын Ресей билігі Асад пен оның отбасы Ресейде екенін, саяси баспана алғанын мәлімдеген.  


Үш дереккөзге сүйенген Bloomberg-тің жазуынша, оппозицияның шабуылына төтеп беру мүмкін емес екені айқындалғаннан кейін Ресей өкілдері Асадқа дереу елден кетуді ұсынған. Оны Дамаскіден ресейлік Хмеймим әуе базасы арқылы ұшақпен әкеткен. Базаға жақындаған кезде ұшақтың транспондері өшірілген, бұл ұшақты атып түсірген болуы мүмкін деген сыбыстың пайда болуына түрткі болған. 


Ресей билігі Башар Асадтың Мәскеуде екенін растады. Ол елден қашып кеткелі бері жұрт алдына шыққан жоқ. Ресей сыртқы істер министрлігі оппозициямен келіссөзден кейін оның билікті өз еркімен тапсыруға келіскенін жазған. Ал оппозиция қандай да бір келіссөздер туралы айтқан жоқ.