ru24.pro
World News
Декабрь
2024

Астанада автожол туннелі жартылай жабылады

0

Астанада А.Бараев көшесі мен Республика даңғылының арасындағы туннельдің бір бөлігі жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев көшесі мен Республика даңғылының арасында орналасқан туннельдің жүріс бөлігіндегі судың ағып кетуін тексеру және жою жөніндегі жұмыстардың жүргізілетіні туралы мәлім етті.

"Осыған байланысты 10-15 желтоқсан аралығында қажетті тексерулер жүргізу үшін жолдың бір жолағы ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екінші жолақ бойынша ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!