ru24.pro
World News
Декабрь
2024

Алматыдағы жекеменшік мектеп маңынан көліктен мәйіт табылды

0

Бүгін таңертең Алматыдағы жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішінен адам өлі табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған", - дейді полиция өкілдері.

Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!