ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

20 градусқа дейін аяз: жексенбі күні ауа райы қандай болады?

0

Қазгидромет жексенбі, 8 желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстанның көп қаласында көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең Астана, Жезқазған, сондай-ақ Қызылорда, Тараз, Түркістан, Оралда кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Ал ел астанасында ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 11-13 градус аязды көрсетеді.

Алматыда ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аязды құрайды.

Шымкентте ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аязды көрсетеді.

Көкшетауда ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 9-11 аязды құрайды.Қонаевта ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 градус нөлден төмен.

Талдықорған қаласында күн ала бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 3-5 градус аязды құрайды.

Түркістанда кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін, ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз -1, +1°C болады.

Оралда ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз болады.

Атырауда күн бұлтты, ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аязды құрайды.

Ақтауда ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 7-9 градус аяз болады.Қостанайда ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 10-12 градус аяз болады.

Петропавлда ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 10-12 градус аязды құрайды.

Павлодарда түнде қар жауады, ауа температурасы 15-17, күндіз 12-14 нөлден төмен көрсетеді.Қарағандыда да қар жауып, ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 9-11 градус аязды көрсетеді.

Жезқазғанда ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 8-10 градус аяз болады.Өскеменде күндіз бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аязды көрсетеді.

Семейде де күн бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 10-12 градус аяз.Қызылордада ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.

Таразда кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін, ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!