ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ұялы байланыс қызметі қымбаттай ма? Министрлік жауап берді

0

Байланыс қызметтерінің бағасы жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік байланыс операторларымен талқылау нәтижесінде байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтерін 2024 жылдың соңына дейін сақтап қалу туралы келісімге келген.

"Министрліктің бұл бастамасы азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, себебі байланыс құнының тұрақтылығы - цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі. Байланыс операторлары мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екенін білдірді", - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін желтоқсанда кейбір ұялы байланыс түрлері мен интернет қымбаттайтыны айтылды. Kcell (Activ брендінің иесі) 13 желтоқсаннан бастап Kcell мен Activ-тегі 18 тарифтің құнын өзгерту жоспарланғанын мәлімдеді.

"Тариф шарттарына байланысты орташа есеппен 6-дан 25 пайызға дейін (орта есеппен 400 теңге) өседі", - деп хабарлады Kcell.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!