Алты сағаттан аспаған әскери режим тәртібі. Оңтүстік Кореяда не болды?
Оңтүстік Корея парламенті қарсы дауыс бергеннен кейін, президент Юн Сок Ель ел аумағында әскери режим тәртібін енгізу жөнінде шығарған шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды. Бас-аяғы алты сағатқа созылған әскери режим елдегі саяси партиялар қызметіне, наразылық пен ереуіл өткізуге тыйым салып, цензура енгізген еді. Парламенттің қарауына енді президентке импичмент жариялау жайлы заң жобасы енгізілмек деген хабар айтылды.