ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда жыл басынан бері 3193 адамнан ВИЧ анықталған

0
Қазақстанда жыл басынан бері 3193 адамнан ВИЧ анықталған, былтырмен салыстырғанда бұл 1,5 пайызға аз. Денсаулық сақтау министрлігі "Власть" сайтына жіберген жазбаша жауабында осылай деп жазған. 


2024 жылдың 1 қазан күнгі мәліметі бойынша Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 34 388 адам тұрып жатыр. Елде ВИЧ-тің негізінен жыныстық жолмен (82,1%) жұғуы кең таралған. Екінші орында – көктамырға есірткі салу (14,2%) тұр. 2024 жылдың 31 қазан күнгі мәліметі бойынша елде ВИЧ жұқтырғандардың 30 963-і антиретровирустық терапия алады. 


Жыл басынан бері 149 шетел азаматынан ВИЧ анықталған, былтыр бұл көрсеткіш 158 болған.


Он ай ішінде елде СПИД-тен 92 адам көз жұмған, бұл аурудан адам өлімі көрсеткіші 22 пайызға азайған. 


Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, антиретровирустық терапияны ертерек бастау, вирус жүктемесін азайту, аурудың дамуын бақылап отыру ВИЧ жұқтырғандардың өмірін сақтап, оларға инфекция жұқтырмаған адамдардыкындай өмір сапасын сыйлап отыр. 


Былтыр Денсаулық сақтау министрлігі Алматы мен тағы бес облыста аурудың тарауы жоғары деңгейде қалып отырғанын және жаңадан ауру жұқтырудың алдын алу шаралары жеткіліксіз екенін мәлімдеген.