ru24.pro
World News
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан шекарасында 40-тан аса шетелдік ұсталды

0
ҰҚК Шекара қызметі қарашада мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу әрекетінің 1313 дерегін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 5 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:

17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту деректерінің алды алынды, соның ішінде:

26 – есірткі заттары;62 – қарулар мен оқ-дәрілер (30 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 1 дана пневматикалық, 43 дана суық қарулары, 136 дана оқ-дәрілер, 18 дана электрошокерлер);35 – діни әдебиет (1 215 дана);414 – жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 литрден астам);644 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;132 – жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 7 браконьерлік деректерінің алды алынды, сондай-ақ:

1 дана жүзу құралдары;жалпы ұзындығы 44,3 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;206 дана (1 633 келі) бекіре тұқымдас балықтар;46 дана (30 келі) таза тұқымдас балықтар;28 дана итбалығы;алды алынған залал сомасы 620 миллион теңге болады.


"Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!