ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Астанада полицей қыз зорлады деп айыпталды

0

Әлеуметтік желілерде Астанада 2003 жылы туған қызды жедел уәкіл зорлады деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға сәйкес, полиция қызметкері пәтерге келіп, есікті ашқан қызға куәлігін көрсеткен, бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін ол қайтып келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұраған, содан кейін қызға шабуыл жасап, зорлық жасаған.
Астана Полиция департаменті күдіктінің – бұрынғы полиция қызметкері екенін, оның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалғанын хабарлады.

"Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!