ru24.pro
World News
Ноябрь
2024

Астанада студенттер екі күнге қашықтан оқуға көшіріледі

0

Астанада 27-28 қараша күндері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтуіне байланысты кейбір студенттер онлайн оқу форматына көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың мәлімдеуінше, 27-28 қараша күндері:

4 жоғары оқу орны қашықтан оқу форматына көшеді;2 жоғары оқу орны сабақтардың бір бөлігін қашықтан өткізеді;2 жоғары оқу орны студенттерін демалысқа (1-триместр) жіберді;5 жоғары оқу орны дәстүрлі офлайн оқу форматын сақтап қалды.

Ол шешімдерді жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайтынын нақтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!